Ағымдағы жылдың 26 қазанында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» оқытушысы А.Рахметова. үйірме мүшелерімен бірге «Туды салтанатты түрде тапсыру» челлендждін ұйымдастырды.
Мерекелік челлендждің мақсаты – Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай «Көк тудың желбілегені» әнін кеңінен насихаттау, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан халқын достық пен бірлікке шақыру. Қазақстан Республикасы күніне орай «Туды салтанатты түрде табыстау» челленджін шығармашылық үйінің клуб мүшелері бастады.