«Біз әр түрліміз - бірақ біз біргеміз»

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогы Зинаида Юрко 1 мамыр күніне арналған «Біз әр түрліміз - бірақ біз біргеміз» атты іс-шара өткізді.

Іс-шара оқушылардың  өзге ұлт өкілдерінің өміріне, олардың мәдениетіне, салт-дәстүріне, ұлттық өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

1 мамырда біз Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеміз, бұл мереке біртұтас тарих пен дәстүр біріктірген Республикамыздың көп ұлтты халқы үшін ерекше қымбат.

Шара барысында үйірме мүшелері бұл мерекенің шығу тарихы туралы білді. Халықтар достығы мен ынтымақтастығы, сонымен қатар өз қолдарымен халықтың бірлігін бейнелейтін «Халықтар достығы» сурет-плакатын жасады. Бұл іс-шара балаларға қуанышты эмоциялар, тамаша жұмыс және позитив  сыйлады.  Балалар шығармашылық пен қиялдың атмосферасына бөленді.

1
2
3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar