Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе ағымдағы жылдың 18 қазан күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының аудандық мәдениет үйінің базасында жалпы білім беретін 6-11 сынып мектеп оқушыларының арасында облыстық «Маралтай оқулары» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын білім беру мекемелері насихаттау арқылы ақын шығармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 26 оқушы қатысты.
Байқау 2 бағыт бойынша өтті:
Байқаудың нәтижесі бойынша I орынды - 2 оқушы, II орынды - 2 оқушы, III орынды - 2 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, жүлдегерлерге қаржылай сыйақы берілді.
Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз!